Сенбі, 24 ақпан, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

10 қазан – дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

10.10.2021

1094 0

10 – қазан дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Бұл күн дүниежүзілік псхикалық денсаулық федерациясы бастамасымен 1992 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Сол уақыттан бері медицинаның бір бөлігі саналатын бұл салаға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов мәлімдеді.

«Өңірімізде психикалық денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық психикалық 585 төсек орынды аурухана орталығы жұмыс жасауда. Шиелі мен Арал аудандарында 30 төсек орындық психикалық денсаулық бөлімшелері бар. Жалпы психикалық денсаулық орталықтарында жүйке ауруы, жасөспірімдердің өз – өзіне қол жұмсауы, мінез – құлқының өзгеруі туралы шараларымен арнайы мамандар тұрғындармен жұмыс істейді. Сонымен қатар псхикалық белсенді заттар яғни есірткіге тәуелділікпен былтырғы жылы 860 жағдай есепке тіркелсе,қазіргі таңда 9 айдың көрсеткіші бойынша 653 науқас есепте тұр»,- деді Аман Бөкенбайұлы.

«Облыстық психикалық денсаулық орталығында станционарлық және амбулаторлық көмектер ақысыз түрде көрсетіледі.Есепте тұрған науқастар станционарлық ем алғаннан кейін, амбулаторлық түрде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Жалпы облыс бойынша 10 мыңға жуық психикалық мінез – құлық ауытқулары бар науқас тіркелген. Жыл басынан бері 1700 адам станционарлық ем алған», – деді облыстық псхикалық денсаулық орталығының дәрігері Нұрлан Нұрпейісов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: