Сәрсенбі, 06 қараша, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

5 сәуір – Неонатологтар күні

05.04.2023

637 0

 Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы аймақтың неонатолог дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. 
 Адамдарды емдеу - ең маңызды істің бірі, ал балаларды емдеу – біздің болашағымызды сақтау болып табылады. 
 Неонатолог сәби өміріндегі алғашқы дәрігер. Бұл мамандар жаңа туған нәрестелерді бақылап, емдейді. Шала туылған нәрестелер жағдайында неонатологтар босануды қабылдап қана қоймай, басқа дәрігерлермен бірге сәбилердің өмірін сақтап қалады. 
 Аз салмақта туылған нәрестелерді күтіп-баптап, өмірге икемдеп, аман алып қалуда неонатолог-дәрігерлер мен балалар мейірбикелерінің еңбегі өлшеусіз.
 Айтулы күні, жаңа туған нәрестелер қамқоршысы, төзім мен шыдамдылық, жанашырлық пен мейірімділік қасиеттеріне ие неонотолог дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! 
Құттықтай келе, жауапты да, жанкешті маман иелерінің дендеріне саулық, еңбектеріне табыс, отбасыларына бақыт тілейміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: