Бейсенбі, 09 мамыр, 08:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Көкжөтелдің аймақтағы эпидахуалы тұрақты

05.04.2024

290 0

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.

Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға тән. Алайда, кез-келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияның алдын-алу әдістерін білукерек.

Көкжөтелдің белгілері жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:

– денеқызуының +38°С-қа дейінкөтерілуі, қалтырау;

– әлсіздік, бұлшықеттердің ауырсынуы, бас ауруы;

-мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшы жолымен жұғады. Ауру адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы көлемінде көкжөтелге күдікті 21 жағдай анықталды, оның ішінде 9 дерек зертханалық жолмен нақтыланды, барлығы Қызылорда қаласының үлесінде. Ауруға ашлдығудың басым көпшілігі екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар арасынан анықталды.

Балаларды көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі –вакцинация. Алғашқы вакцинация баланың 2, 3, 4 және 18 айлығындажүргізіледі. Әрі қарай егу 6, 16 жаста және әр 10 жылда ересектерде жүргізіледі. Бұл ретте дифтерияға, көкжөтелге және сіреспеге қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін аралас вакцина қолданылады.
         Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкжөтелді жұқтырып алмас үшін балаларға уақытылы екпе алуға кеңес береді, сонымен қатар санитариялық-гигиеналық талаптарды жауапкершілікпен орындауды сұрайды. Аурудың белгілері байқалған кезде жедел медициналық көмкекке жүгінуді ұмытпаңыз.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: