Сейсенбі, 23 сәуiр, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Алексей Цой балаларға вакцина салудың қашан басталатынын айтты

23.07.2021

1312 0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы балаларға екпе егу туралы айтты. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, елде балаларға салатын вакциналар жоқ.

– Біз балалардың екпе алуына мүмкіндік беруіміз керек. Әзірге нақты күнді атай алмаймыз. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-аналар балаларына екпе егуді сұрайды, өкінішке қарай, әзірге Қазақстанда мұндай вакцина жоқ. Мүмкіндік болса, біз мұны қамтамасыз етеміз, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.

Министр балаларға екпе салу ерікті түрде, ата-аналарының таңдау құқығымен болатынын баса айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Қазақстанда Pfizer-мен вакциналауды бастауға болатындығын айтқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: