Жұма, 29 наурыз, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Балалар ауруханасында «Лор» бөлімшесі ашылды

05.05.2023

798 0

Бүгін көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында алғаш рет 15 төсек орынға арналған «Лор» бөлімшесі ашылды. 
 Ашылу салтанатында құттықтау лебізін білдірген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы жаңа бөлімшенің лентасын қиып, бұл балалардың денсаулығын жақсарту бағытындағы игі шара екендігін атап, бүлдіршіндеріміздің деніне саулық, бөлімше жұмысына сәттілік тіледі.  
 Сонымен бірге, өңір халқының денсаулығын жақсарту бағытында аянбай еңбек етіп жүрген барша балалар дәрігерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да басқарма тарапынан балалар денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларға қолдау білдеретінін айтты. 
 Облыс бойынша соңғы 5 жылда 18 жасқа дейінгі лор патологиясымен науқас балалар жедел және жоспарлы хирургиясы құрамында 5 төсек орында ем қабылдап келеді. Осы жылдар аралығында ем қабылдаған бала саны 446 дан 707-ге (37%-ға) дейін өскен болатын. Жоспарлы емді күтуге орташа 2-3 айға еді. Соған сәйкес, бүгін уақытылы мамандандырылған көмекті ұйымдастыру және қолжетімділігін арттыру мақсатында аурухананың ішкі резерв есебінен 15 төсек орынға шақтап балалар «ЛОР» бөлімшесі ашылып отыр. Нәтижесінде жоспарлы емді күту парағы 10 күннен аспайды деп жоспарлануда. Оның ішінде 5 төсегі офтальмохирургиялық профильге арналған. 
 Жыл басынан офтальмохирург маман жұмысқа қабылданып балаларға халазион бойынша, жаңа туған нәрестелерге зондирование жасалып жатыр. 4 ай көлемінде 38 бала стационарлы ем қабылдады, оның ішінде 29 балаға ота жасалды. 
 Бала денсаулығын жақсарту – басты бағыттарымыздың бірі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: