Жексенбі, 24 қараша, 20:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бақылаусыз бала бассыздыққа барады

09.04.2023

676 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кейінгі кезде облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтарға, Қазалы ауданында жасөспірімдер арасында орын алған төбелеске байланысты шұғыл жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, полиция департаментінің басшылығы қатысты. Нұрлыбек Машбекұлы Қазалы ауданында бұған дейін де жаппай төбелес болғанын, аудан әкімі мен жергілікті полицияның осы жағдайға жол беріп, әрекетсіздік танытқанын қатаң сынға алды.

Бұған қоса Қызылорда қаласындағы №217 мектеп оқушылары суық қару қолданған. Байқоңыр қаласындағы №275 мектепте де төбелес тіркелді. Жалағаш кентінде де екі мектеп оқушылары арасында жанжал шыққан.

Жиында полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов пен Қызылорда қаласы, Қазалы және Жалағаш аудандарының әкімдері, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жағдайға байланысты түсінік берді. Облыс әкімі жастарды әлеуметтендіру бағытындағы шаралардың жеткіліксіздігін, тәрбие жұмыстары тек есеп беру үшін өткізілетінін айтты. Жауаптылар оқиғаның алдын алудың орнына үнемі салдарымен күреседі. Аймақ басшысы төбелестің шығу себебін анықтап, шұғыл шара қабылдауды тапсырды.

Мұндайға жол берген, уақытылы бақылау жасамаған лауазымды тұлғалардың барлығына тиісті шара көру керек. Аймақ басшысы бұл жағдайда ата-аналар өз жауапкершілігін сезіну керектігін ескертті. Бала тәрбиесін мектепке жүктеп қоюға болмайды.

«Бәріміз де ата-анамыз. Әрбір ата-ана азанда мектепке шығарып салған баласының үйге есен-сау оралатынына сенімді болуы керек. Ал полиция мен мектеп бұған қол жеткізе алмай отыр. Қызылорда қаласы мен Қазалы, Жалағаш ауданы бойынша полиция басқармаларының жауапкершілігі қаралсын. Сонымен қатар, аталған мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да осы жағдайға жол бергендері үшін тиісті шараларын алсын», деді облыс әкімі.

Жиын соңында жауапты басшыларға қала мен барлық ауданда рейд ұйымдастыру, ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: