Сәрсенбі, 24 сәуiр, 09:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер арасында бильярдтан турнир өтті

15.11.2022

616 0

ҚР еңбегі сіңген дәрігер София Мақашеваны еске алуға арналған ардагерлер мен медицина саласының қызметкерлері арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды.

 Ұлттық құндылығымызбен ел әлеуетін жаңғырту жолында ерен еңбегімен есте қалған аға-апаларымыздың есімін жаңғыртып, рухын ұлықтау «рухани жаңғыруымыздың» басты бағыттарының бірі. Осыған орай үлкен бір ұжымды басқарған антына адал дәрігер, байыпты жандардың бірі – София Өтегенқызы Мақашеваны ерекше айтуға болады.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық медицина қызметкерлері ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» София Өтегенқызы Мақашеваның есімін қайта жаңғырту мақсатында ардагерлер мен медицина саласының қызметкерлері арасында бильярдтан турнир өтті.

     Шараның ашылуында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов және София Мақашеваның туысы, көпбейінді облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Рабиға Бисенбаева додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Екі топқа бөлініп жарысқан тартысты ойын қорытындысында І орынды «Ардагерлер» тобынан Зинабдин Шермағанбет, ІІ орынды Төребаев Шакизат Хамитұлы, ІІІ орынды Әмірғалиев Әбдіғаппар Әмірғалиұлы иеленсе, «Медицина қызметкерлері» арасынан І орынды орталық қалалық емхананың узист дәрігері Қайрат Жұмағұлов, ІІ орынды көпбейінді облыстық аурухананың сарапшы дәрігері Кенжебаев Сұлтанбек Айбасұлы, ІІІ орынды облыстық фтизиопульмонология орталығының  бас дәрігері Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы қанжығаларына байлады.

    Турнир жеңімпаздарын облыстың бас дәрігері Сабит Бексеитұлы, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, денсаулық саласының ардагері Маханов Тұрғанбай Маханұлы және облыстық медицина қызметкерлері ардагерлер Кеңесінің төрайымы Раиса Көзденова марапаттады.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: