Жұма, 12 сәуiр, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2038)
09.04.2024
PDF мұрағаты

Дәрісіз емдейтін клиника

03.02.2024

130 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Еңбек тәжірибесін облыстағы ана мен баланың саулығына арнап, жиырма жыл перзентханада қызмет жасап,  аймақ медицинасының өркендеуіне арнаған Гүлнар Жұмашеваны  білмейтін адам кемде-кем. Жоғары санатты акушер-гинеколог, денсаулық сақтау ісінің үздігі, білікті дәрігер бүгінде зейнет демалысына шықты. Алайда  ол зейнет демалысына шыққан соң «NazDarMed» клиникасын ашып, ұзақ жылғы тәжірибесін жас буынға үйретуде. Орайы келгенде жаңа клиника туралы сұрадық.

– Бұл сол жағалауда  ашылған жатқан алғаш­қы  медициналық нысан.  Аты айтып тұр­ғандай, отбасылық және интегративті меди­циналық клиника. Әлем елдері  қазір инте­гративті меди­цинаға көшіп  келеді. АҚШ-та интеграциялық медицинаның қолданысқа енгеніне  20 жылдан асты. Мұнда  интегративті терапевт, интегратив­ті педиатр, нутрициолог, тұзды шахта, медитация, коррекция, психолог және тағы да басқа қызмет түрі бар.  Яғни науқасты тек дәрі-дәрмекпен ғана емес, психосоматикалық әдіспен, дұрыс тамақтанумен де емдеуге болатынын ұқтыру. Бұл емнің бір ерекше­­лігі  – адамның жан дүниесінің тыныштықта болуына мән беріп, дұрыс тамақтануына бағдар жасау.  Емделу­­ші өзі үшін  маманның көмегіне жүгінгені жақсы, – дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша,  елі­мізде интегративті меди­цина туралы мағлұмат та, мұндай  клиника да өте  аз. Ал көбіне дәстүрлі медицина жақсы дамыған. Тәжірибелі дәрі­гер  шетелге жиі шығып, біраз жаңа­шылдыққа куә болғанын айта­ды. Мысалы, бір адам­ның ағзасында  ауырсыну болса, оған дәрі-дәрмек емес, жай түзету көмегімен ем жа­салуы керек. Бұл альтер­нативті медицинаның жемісі деп айтуға негіз бар

Клиникада ересектер үшін де, балалар үшін де жұмыс істейтін тәжірибелі психолог бар. Клиника тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілген. Мұнда 15-ке жуық маман жұмыс істейді. Олардың қатарында кардиолог, пульмонолог, гинеколог, балалар және ересектерге арналған психолог, невропатолог, терапевт, педиатр, неонотолог,  уролог, травматолог, хирург, проктолог, генетик, УЗИ дәрігері бар.

– Сол жағалаудың тұрғындары біздің клиникаға тіркелгісі келетінін айтқан. Бүгінде 1700-ден аса халық тіркеліп, тұрғындарға ақысыз қызмет  көрсетіліп жатыр. Қаланың қай бұрышында тұрса да, кез келген тұрғын біздің отбасылық клиникаға тіркеле алады. Аудандарда жоқ мамандар бізде болса, жолдама арқылы келіп тегін көрінеді.  ЭКГ, КТГ аппараттары өзге емханаларда кездеспейтін «4 D» УЗИ, дәрігердің жолдамасымен адамның ми қыртысын сағаттап, тәуліктеп түсіретін ЭЭГ, холтер және өзге аппараттар бар.  Қажетті жабдықтар негізінен  Кореядан келген, – дейді клиника басшысы.

Дәрігердің айтуынша, мұнда тұзды шахта кабинеті ашылған. Тек рентген қызметі емханалармен келісімшарт арқылы жасалуда. Халық денсаулығын жақсартуда денсаулық салаға жаңа леп әкелуді мақсат еткен клиника елге қызмет етуге дайын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: