Сенбі, 20 сәуiр, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау министрілігі қазақстандықтарға жүгінді: Коронавирустың үнді штаммы біздің елге жеткен сыңайлы

21.06.2021

1053 0

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айналымда «үнділік» штаммның болу ықтималдылығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің күрт өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг нәтижелері бойынша «Дельта» штаммына («үнділік» штамм) тән мутацияға күдікті жағдай анықталды.

Мутацияның болуын және оның «Дельта» штаммына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

«Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Инфекциядан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден бір жолы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу. КВИ-ге қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір азаматқа қысқа мерзімде вакциналануға кеңес береміз»,  деді министрлік өкілдері. 

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «Үнділік» штаммы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

«Дельта» коронавирус штаммы аса контагиозды және анықталған штаммдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ке жоғары, қазіргі айналымдағы штаммдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. Сонымен қатар, індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі» – делінген министрлік хабарламасында.   

Сондай-ақ, вирус таралуының алдын алу мақсатында барлық профилактикалық шараларды қатаң орындау қажет: маска тағу, әлеуметік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету, т.б. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2  «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: