Жұма, 26 сәуiр, 15:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Екпе – індеттен сақтану жолы

31.10.2021

644 0

Облыста өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 46 жағдай тіркелді. Қызылорда облысы өңірлер бойынша «сары» аймақта. Осыған байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігер мамандар індеттің ілмегіне ілінбеудің жолдарын баяндады.

«Өткен жылдан бері әлемді әбігерге салған бұл індет әлі де адамдарға қауіпті. Коронавирус инфекциясы вирус бар тамшылар арқылы, жөтел немесе түшкіру кезінде таралады. Өздеріңізге белгілі, бұл аты жаман ауруды тоқтатудың бір жолы − вакцина салдыру. Екпе арқылы адамның ағзасында вирусқа қарсы антидене қалыптасып, ауыру деңгейі төмендейді. Сондықтан облыс тұрғындарын індетке қарсы екпе салдыруға шақырамын. Әрдайым сақтық шараларына мән беріп, індеттен өзіңізді қорғаныз!», – деді №3 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Гүлнұр Ілиясова.

«Бүгінде облыстағы барлық емханаларда екпе егу науқаны белсенді түрде жүргізілуде. Қызылорда облысы екпе егу науқаны бойынша алғашқы бестікте. Бұл дегеніміз – тұрғындардың басым көпшілігі инфекцияға қарсы вакцинаны қабылдады деген сөз. Алайда өңіріміз «сары» аймақта. Сондықтан облыс тұрғындарын коронавирусқа бей-жай қарамауға шақырамын», – деді №4 қалалық емхананың жалпы тәжірбиелі дәрігері Ұлжан Болатова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: