«Q'med» клиникасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов Германия елінен арнайы келіп, Сыр елінің реабилитолог дәрігерлеріне бір айға жуық уақыт тәжірибесімен бөліскен дәрігер Эвелин Эбингерге «Алғыс хат» беріп, естелікке қобыз сыйлады.
Сонымен қатар, жиынға «Q'med» клиникасының директоры Раушан Ахметуллақызы қатысып, шет елдік білікті дәрігерге өз алғысын білдіріп, ұлттық нақыштағы қамзол кигізді.
Оқытушы дәрігердің ересектерге арналған физиотерапияның барлық негізгі салаларындағы терең білімі мен отадан кейінгі күтім, сондай-ақ консервативті ортопедия және травматология саласындағы білімімен дағдылары мамандарымызға азық болары анық.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!