Сейсенбі, 23 шiлде, 08:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты міндет

26.04.2023

552 0

Қызылорда облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында 27 нысанның құрылысы басталды. Ал шаһарда бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың ірге тасы қаланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков мәлімдеді.

-Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты міндет. Тұрғындарға берілетін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Жалпы облыс бойынша емдеу мекемелерінен 2023 жылға 3,1 млрд. теңгеге сұраныс берілді. Сәйкесінше, 300-ден аса препарат және ОСМС бойынша 200-ден аса дәрі-дермекпен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар сирек кездесетін ауру түрлеріне жергілікті бюджет қаражат есебінен 500 млн. теңгеге жуық тегін дәрі-дәрмек алынды,-деді Олжас Ермекұлы.

Бүгінде облыс халқына 2860 дәрігер, 10721 орта буынды мамандар медициналық қызмет көрсетеді. Өткен жылы 78 жас маман жұмысқа қабылданып, оның 22-сі елді мекенде қызмет етуде.

-Биыл медицина саласына облыс әкімінің 30 гранты бөлінді. Бұл шаралар өз кезегінде 2025 жылдан бастап саланы аймақтық дәрігерлермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша биыл біліктілікті арттыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрігерлерге 18 бағыт және орта буын қызметкерлеріне 22 бағыт бойынша оқыту жоспарлануда,-деді аймақтың бас дәрігері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: