Сәрсенбі, 17 сәуiр, 08:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Хирург

03.02.2024

147 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Дәрігер болу үшін тек кәсіби білім алу жеткіліксіз. Ақ халатты абзал жанболу үшін төзім, мейірім, жылылық, жауапкершілік өзге де ізгі қасиеттер керек. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Болат Маханбетияров – бойына осындай асыл қасиетті жиған парасатты жан.

Кәсіби шеберлігімен жас дәрігер абырой мен құрметке бөленіп отыр.  Хирург уақытпен санаспайды. Түннің қай уақытында болсын науқасқа ота жасауға дайын тұрады.  Жауапкерші­лігі мен сауаттылығы бөлек әңгіме. Хирургтің өзге­лерден бір ерекшілігі шығармашылықпен жұмыс істейді. Ауруханада жасалған отаның барлығын, кім жасағанын, қандай аурумен күрескенін, дәрігердің біліктілігін суретімен күнделікті фейсбук парақшаға жүктеп отырады.  Дәрігердің өмір жолынан да өз кәсібіне адал екенін байқауға болады. 

Болат Маханбетия­ров 1984 жылдың 2 қаңтарында Қызыл­орда қаласында дү­ние­ге келген. Қа­ла­­дағы №173 мек­теп­ті бітіргеннен кейін, 2002 жылы Ақтөбе қаласын­дағы М.Оспанов атын­дағы мемлекеттік меди­цина академиясына түсіп, оны 2008 жылы үздік дипломмен аяқтап, интер­натураны академия база­сын­да балалар хирургиясы кафедрасында өткен. 2009 жыл­дан бастап облыстық медицина орталығына балалар хирургі болып жұмыс істеген.  Балалар хирургі болып жұмыс атқарып жүріп, жаңа туған нәрестелер арасында ақаумен өмірге келген сәбилердің хирургиялық патологиясына көңіл ауда­рып,  соларды анықтаумен және емдеумен айна­лыса бастаған. 2011 жыл­дың желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында неонатальды хирургия бойынша курстан өткен. Оқудан келгеннен кейін ақаумен туған балаларды емдеу шарасын жетілдіруге атсалысқан. 2016 жылы  Санкт-Петербург қаласында неонатальды хирургия бойынша тағы білімін жетілдіріп, туабітті ақауларға жасалатын отаның ерекшеліктерін игеріп, ота жасау тәсілін жетілдірген. 2018-2019 жылдары Оңтүстік Кореяда неонатальды хирургия бойынша біліктілігін арттырып, сол тәжірибені өңірде іске асыра бастаған.

– Қазіргі таңда ауруханамызда 9 төсектік «Неонатальды хирургия» бөлімі бар.   Бөлімшеде тәулік бойы неонаталогтар жұмыс атқарады. Екі айға дейінгі жаңа туған нәрестелердегі туабітті ақауы мен басқа да нәрестелік кезеңде кездесетін хирургиялық сырқатқа ұшыраған нәрестелерді емдеудеміз. Қазір бөлімшеде туабітті ақаудың күрделілері «Өңеш атрезиясы», «Диафрагмальды жарық», «Гастрошизис», «Асқазан-ішек жолдарының атрезиялары» және басқа да күрделі ақауларды өз өңірімізде емдеп жатырмыз. Аз инвазивті отадан «Лапароскопиялық пилоромиотомия» отасы жасалуда. Болашақта Түркия, Жапония сияқты озық технологиялы елдерден күрделі ақауларды диагностикалап, отаның басқа да түрлерін игеріп, жаңа әдістерді үйренгіміз келеді, – дейді дәрігер. 

Жаңалыққа жаны құмар дәрігердің «Ерен еңбек иесі», «Алтын дәрігер» деген  марапаты бар.  Бейкүнә нәрестеге екінші өмір сыйлаған ақ халатты абзал жанға емделушілердің  алғысы шексіз.

Бетті дайындаған Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

Суреттерді түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: