Сенбі, 20 сәуiр, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Індет белең алып келеді

22.04.2021

1552 0

Қызылорда облысы «қызыл аймаққа» енді. Бұл қауіпті індет қайта белең алып келеді деген сөз.

Әлемді  жаулаған пандемия адамзат  өміріне  қауіп төндіріп қана қоймай, сан жылдан бергі өмірімізде басшылыққа алып келе жатқан құндылықтарымызды да өзгертті. Алты құрлыққа ауыз салған кесел күн санап өршімесе, беті қайтқан жоқ. Босаңсып, қауіпсіздік шараларын ұмытуға әлі ерте.

Көрінбейтін кеселмен күресу оңай емес. Әлі де сенімсіздік танытып жүргендер бар. Дүние жүзі бойынша вирус күшейген елдердің әр адам өмірі үшін күресіп жатқанын күнделікті жаңалықтардан көріп отырмыз. Басқалардың қателігін қайталамауымыз қажет. Саулық – сақтықта екенін санамызбен толық ұғынатын кез келді. Сақтық шараларына салғырт қарамайық. Індетпен күрес мәселесіне ойлы көзбен, ақылды жүрекпен қарауға, түсіністік танытуға шақырамын.

Тек сақтық шараларын қатаң сақтанғанда ғана біз бірлесіп, індеттің алдын ала аламыз. Біріккен елдің алмас қамалы жоқ, бұл кезең де артта қалатынына сенемін. Әрдайым саулықта болып, сақтық шараларын қатаң ұстанайық.

Бейбіткүл КӘРІМОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: