Бейсенбі, 24 қазан, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84-2094
22.10.2024
PDF мұрағаты

Індеттен қорғанудың жолы – вакцина салдыру

14.04.2021

1219 0

Әрбір аурудың бір емі табылады. Қандай замандарда да басымызға төнген қауіптерден ауруға қарсы екпе салдыру арқылы адамзат баласы аман қалып отырған. Бұл – уақыт дәлелдеген өмір шындығы.

Аурудың түрі көп болғанымен барша адамзатқа тигізер зияны біреу. Сондықтан да әрбір кеселге немқұрайлы қарамай денеміздегі әлсіздікті жойып, қажыр-қайратымызды арттыру үшін екпе егуді тиімді қолға алу керек.

Жасыратыны жоқ, ел арасында осы екпе мәселесі туралы түрлі пікірлер айтылуда. Ондай алыпқашпа әңгімеге құлақ түрмей тәжірибелі дәрігерлердің шешімімен қабылданған екпе ектірудің маңызы зор.

Қазіргі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұның маңыздылығына үлкен ынтазарлық танытып отыр. Ендеше елге елеңдеудің қажеті жоқ. Індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру.

ГҮЛНҰР Ильясова,

№3 емхананың эпидемиолог дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: