Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Маман кеңесі: менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?

30.05.2023

498 0

Менингококк ауруы – бұл менингококк тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол жұтқыншақты(назофарингит), ми қабығын (менингит) зақымдайды, септицемиянытудырады. Ол ауа-тамшылы жолмен түшкіргенде, сөйлескенде жұғады. Инфекциякөзі –науқас адамдар мен инфекция тасымалдаушылар болып табылады.

          Қызылорда облысы көлемінде менингит аурушандығы бойынша эпидемиологилық ахуал тұрақты деп бағалануда.  2019-2021 жылдар аралығында облыс  тұрғындары арасында менингит жұқпасының бірде бір жағдайы есепке алынбаса, 2022 жыл қорытындысымен менингит ауруына шалдыққан 1 науқас тіркелді. Соңғы жылдары коронавирусты инфекциясы бойынша қабылданған шектеу шаралары мен қатаң санитариялық ережелер көптеген инфекциялардың, соның ішінде менингит жұқпасы таралуының азаюына әсер етті.

Жалпы көпжылдық аурушандық көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер негізінде 2015 -2022 жж. аралығында Қызылорда облысы тұрғындары арасында менингит жұқпасымен 8 жағдай есепке алынса, өкінішке орай соның ішінде қайтыс болу жағдайымен 2 науқас тіркелген.

Бүгінгі таңда менингит ауруы бойынша эпидемиялық маусымында, әсіресе жаз айларында ауа температурасының  жоғарылауы мен  құрғақ және шаңды климат, адамдар арасындағы қарқынды байланыс (тұрақсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасқан облыстар мен ірі қалаларға барып келу)  облысымызда індеттің өршуіне ықпал етуі мүмкін.

Аурудың алдын алу үшін Қызылорда облысының санитариялық-эпеидемиологиялық бақылау департаменті келесі сақтық шараларын ұсынады:

  • жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (дәретханаға барғаннан кейін, жануарларға жанасқан соң, ас әзірлеу алдында және тамақтанудан бұрын қолды сабындап жуу);
  • ашық ауада көбірек серуендеу, адам көп жиналатын орындарға мүмкіндігінше баруды шектеу;
  • дәрумендер мен минералдарға бай, толық және үйлесімді тамақтану;
  • спортпен шұғылданып, ағзаны шынықтырып, имунитетті көтеру;
  • жұтқыншақтың жіті және созылмалы аурулары – тонзиллит,  ларингит, фарингитті уақытылы емдеу.

Аурудың клиникалық белгілері – бастың қатты ауыруы, дене қызуының көтерілуі, лоқсу мен құсу, бөртпе, арқа мен аяқ-қолдардың ауыруы, тәбеттің төмендеуі мен әлсіздік. Осы аталған белгілерді байқасаңыз жедел түрде медициналық көмекке жүгіну қажет, өз бетімен емделуге әсте болмайтындығын еске саламыз.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: