Сәрсенбі, 24 сәуiр, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мыңдаған вакцинаны лақтыруға тура келді – министрлік себебін түсіндірді

07.10.2021

511 0

Денсаулық сақтау министрлігі есептен шығарылған вакциналардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вице-министр Марат Шорановтың айтуынша, елімізде жаппай вакциналау басталғалы бері екпелерді сақтау және тасымалдау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Алайда осы уақытқа дейін мыңдаған вакцинаны сақтау тәртібі бұзылды.

«Мониторинг бойынша ақпан айынан бастап 4 500 вакцинаның температуралық режимі сақталмаған. Ал ереже бойынша ондай екпелер есептен шығарылуы қажет. Ондай вакцинаны адамға салуға болмайды. Сондықтан бәрін есептен шығарып тастадық», – деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов кейбір вакциналардың бағасын жариялаған болатын. Мәселен, «Sputnik V» вакцинасының бір дозасы 26 доллар (11 мың теңге – Sputnik) құрайды.

Алғашында оны сақтау температурасы -18 градус болған. Артынан өндіруші оны +2+8 градус деп өзгертті.

QazVac-қа да тоңазытқыш қажет емес. Екпені +8 градусқа дейін сақтай береді. Hayat Vax пен Vero Cell-ді сақтау температурасы да сондай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: