Жексенбі, 24 қараша, 04:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар жиі ішетін дәрінің зияны анықталды

19.04.2021

1442 0

Зерттеуге сәйкес, парацетамолды мөлшерден сәл көп ішіп қойғанның өзінде кері әсері байқалады.

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі халық арасында кеңінен қолданылатын парацетамолдың зиянын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Express порталына сілтеме жасап.

Зерттеуге сәйкес, парацетамолды сәл көп ішіп қойса да, жанама әсерін байқауға болады. Ондайда адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Мамандардың айтуынша, дәл осы симптомдар бірнеше сағаттың ішінде шыға бастайды. Ал парацетамолды артығымен ішудің кесірінен бауыр зақымданады.

«Бұдан бөлек, адам парацетамолды көп ішсе, ұйқысы келеді, сары ауруға шалдығады. Сосын іштің жоғары жағында ауырсыну пайда болады», – дейді мамандар.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы медициналық препараттар тегін беріледі. Оның ішінде парацетамол да бар. Бұдан бөлек, «Ибупрофен», «Ривароксабан», «Апиксабан» мен «Дабигатран» қарастырылған. Бірақ осы препараттарды алу үшін дәрігердің нұсқауы болуы қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: