Сәрсенбі, 24 сәуiр, 02:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ет фаршы өнімдерінен ішек таяқшасы табылды

09.05.2022

394 0

Қызылорда облысында ет өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактериясы табылды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сәуір айында өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 173 сынама сатып алды.

Іріктеп алынған өнімдердің басым бөлігі (71,7%) – тағам өнімдерінің үлесінде.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде өнімдердің 14 үлгісі т ехникалық регламенттердің талабына сай келмей шықты. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 3 өнімнен сәйкессіздік табылды.

«Сондай-ақ, котлет, тефтели, тартылған ет секілді жартылай фабрикаттардан ішек таяқшалары тобының бактериясы табылды. Мұндай азық-түлікті пайдалану түрлі ішек инфекциясы мен тағамнан улану жағдайына алып келуі мүмкін. Жыл басынан бері тіркелген 281 жедел ішек инфекциясының 88%-ы тағам өнімдерімен байланысты болып отыр. Техникалық регламент талаптарына сай келмеген өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шара қабылдау қажеттігі жөнінде хабарлама жолданды», – деп мәлімдеді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: