Бейсенбі, 02 мамыр, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

19.03.2024

194 0

Сурет: blagodarim.by

Бала қауіпсіздігі мәслесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін балабақша мен мектептердегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет. Бұл тақырыптың маңыздылығы Мемлекет басшысының да жыл сайынғы Жолдауында айрықша аталып өтеді.Оқушылардың сапалы білім алуымен қатар жеке бас қауіпсіздігі, денсаулығы қашанда маңызды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары бақылауында 317 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 288 облыстық білім басқармасына қарасты, жеке мектептер саны-29.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәліметіне сәйкес жалпы білім беретін ұйымдардағы тығыздылық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу мақсатында республикалық, жергілікті бюджет есебінен 10 мектептің, оның ішінде  «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2 мектептің  құрылысы  жүргізілуде.

Өткен жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық, Шиелі ауданы Байсын ауылындағы  №207 мектеп үшін 250 орындық, Жаңақорған кентіндегі 300 орындық жаңа мектеп және Қызылорда қаласы Жезқазған тас жолының бойында 600 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ үш ауысымда оқытатын білім беру ұйымдары мәселесін шешу мақсатында облыс орталығындағыүш ауысымдағы 4 мектеп үшін 1850 орынға қосымша оқу ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді, қалған 2 мектеп пайдалануға берілген  Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық жаңа мектепесебінен шешіліп, нәтижесінде облыстағы үш ауысымдық  мектептер мәселесі толықтай оң шешімін тапты.

Бұдан бөлек, «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі» күрделі жөндеумен қамтылды.

Облыс бойынша  апаттық жағдайда 6 мектеп  бар, олар Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарыда орналасқан. Бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес, бүгінгі таңда тиісті жүмыстар жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда,  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде салынатын 21 мектеп есебінен апаттық мектептердің 4-еунің мәселесі шешімін табады деп күтілуде.

Бұған қоса, Арал ауданы Тоқабай аулындағы №248 апатты мектептің құрылысы жеке демеуші есебінен жүргізілуде.Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысын «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен қаржыландыруға ұсынылған.

Нәтижесінде апаттық мектептердің мәселесі 2025 жылы толық шешімін табатын болады деп жоспарланып отыр.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі де аймағымызда жолға қойылған. 2023 жылы облыстағы 1-4 сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі толық шешіліп, облыстағы  66358 оқушы ыстық тамақпен қамтылды, жалпы 288мемлекеттік мектептің 280-інде ыстық тамақ, 8 мектепте буфеттік тамақ ұйымдастырылған.

Мектеп асханаларында ыстық тамақ ұйымдастыру  Тағам академиясы ұсынған әдістемелік нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілуде. Сонымен қатар жаңа оқу жылында мектеп асханаларының перспективті  ас мәзірінің және буфеттік тағам ассортименті жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарымен сараптама жүргізілді. Берілетін тағам ассортименті де өткен жылдарға қарағанда біршама жақсартылып, сүт, сүт өнімдері, жеміс-жидектер мен олардың шырындары қосылып, ет, ет өнімдерінің мөлшері көбейтілді.

Мектеп әжетханалары мәселелері де ретке келтірілуде. Жалпы 2019-2023 жылдары91 мектептің ауласында орналасқан дәретханаларды ішке кіргізу жұмыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар,  кешенді күрделі жөндеу кезінде демонтаждалған 21 мектептің ішкі дәретханалары қалпына келтірілген.

Жалпы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мен мектептердің техникалық жағдайына,мектептердің санитариялық тораптарының жағдайынажергілікті білім бөлімдерімен бірге жұмысшы топтары құрылып, барлық мектепке мониторинг жүргізіліп отырады, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Себебі балаларқауіпсіздігіәрқашанбастыназарда.Елболашағыныңбаяндыболуыбүгінгіигіістерденбасталмақ. Ұрпақсаулығы – ұлткелешегі.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысныың орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: