Дүйсенбі, 17 маусым, 01:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Биологиялық белсенді қоспаларды таңдағанда мемлекеттік тіркеуінің болуына мән беріңіз

24.05.2024

104 0

Сурет: kosmetista.ru

Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді күнделікті мониторингтеу арқылы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) айналымын бақылауды қамтамасыз етеді.

ББҚ мамандандырылған азық-түлік өнімдеріне жатады және дәрілік зат болып табылмайды. Азық-түлік өнімі ретінде ББҚ Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (ЕАЭО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарына сәйкес келуі тиіс.   

Ішкі нарықта тұтынушыға сату үшін ұсынылған барлық ББҚ-лар қауіпсіз болуы тиіс, оның дәлелі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы болып табылады.

Осыған байланысты барлық ББҚ-ларды әкелу және өткізу Еуразиялық экономикалық одақтың Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген мемлекеттік тіркеу куәлігі болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

         Тұтынушылар денсаулықты жақсарту немесе күнделікті тағамды табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен қанықтыру мақсатында ББҚ-ларды кеңінен қолданады. Осыған байланысты тұтынушыларға ББҚ-ны сатып алғанға дейін тексеруді, яғни Кеден одағының сайтында мемлекеттік тіркеу куәлігінің Бірыңғай тізілімде тіркелуін тексеруді ұсынамыз, өйткені мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ны өткізу адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті!

Жыл басынан бері облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларымен 31 жарнама таратушы мониторингпен қамтылды, оның ішінде телеарналар арқылы 2, Instagram әлеуметтік желісі арқылы 29 жарнама анықталды. Оның ішінде биологиялық белсенді қоспалардың 101 атауы бойынша бұзушылықтар анықталды, яғни арнайы мемлекеттік тіркеу куәлігі болмаған. Аталған бұзушылықтар бойынша жарнама таратушы тұлғаларға ұсыным хаттар жолданып, әлеуметтік желі парақшаларын бұғаттау бойынша тиісті мемлекеттік органдарға қызметік хаттар жолданды.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: