Сейсенбі, 16 шiлде, 01:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

«Бір терезе» қағидаты бойынша емхана: дәрігерлердің кеңесінен МРТ-ға дейін

03.05.2023

489 0

Қызылордада «Q-MED company group» емханасы ашылды. Бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан облыстағы 26-шы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы. Жаңа клиника облыс орталығының 6 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

Қызылордалық Нұргүл Байменова (аты-жөні өзгертілген) үшінші топтағы мүгедек, жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша диспансерлік есепте тұр. Емхананы еркін таңдау науқаны кезінде ол жақын жерде тұратындықтан «Q-MED company group» медициналық орталығына тіркелді. Тағы бір себеп. Нұргүлде бала кезінен салмағы артық. Емхананың КТ, МРТ аппараттары 100 келіден астам салмақты көтереді.

«Күндізгі стационарда емделіп жатырмын. Мұнда дәрігерлер тәжірибелі, жалпы медициналық қызметкерлер сезімтал. Осы емханаға тіркелгеніме өте қуаныштымын. Барлық дәрі-дәрмектерді уақтылы аламын. Ең бастысы, талдауларды, соның ішінде қымбаттарын тапсыруға, Холтерде, ЭКГ, УДЗ, КТ, МРТ және т.б. диагностикалық тексеруден өтуге мүмкіндік бар», – деп атап өтті Нұргүл Байменова.

«КТ аппараты сәбилерге де, салмағы 170 келіге дейінгі адамдарға да қарастырылған. Сондай-ақ, емханада салмағы 200 жүз келіден асатын пациенттерге арналған аймақтағы жалғыз МРТ аппараты бар. Сәулеленудің төмен мөлшері рентген аппараты бар. Біздің мамандар оқытылып, тиісті дайындықтан өтті», – деді «Q-MED company group»медициналық орталығының радиология бөлімінің басшысы Димаш Беркімбаев.

Емхана «Q-MED company group» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің бастауымен, мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бойынша кредиттеу бағдарламасы аясында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының» және шетелдік инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылып отыр. Медициналық орталық амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Облыс орталығының 6 мыңнан астам тұрғынына 4 аймақ қызмет көрсетеді. Олардың санын 12-ге дейін кеңейтіп, 20 мың адамды қамту жоспарлануда. Емхананың жоспарлы қуаты ауысымына 300 адамға дейін жетеді, дейді емхана мамандары.

«Емхана «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Зертханалық қызметтерден, диагностикадан, дәрігерлердің кеңесінен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден басқа клиникада жедел жәрдемнің көмегі қарастырылған. Мысалы, МӘМС-те сақтандырылған пациент жүгінді, бірақ ол біздің емханаға тіркелмеген және жергілікті дәрігердің жолдамасы жоқ. Бізде Пациенттерді қолдау қызметі мен қоғамдық қабылдау қызметтері бар, онда осы пациенттердің өтініштері талданады, мәселе сол жерде шешіледі», – дейді «Q-MED company group»медициналық орталығының құрылтайшысы Раушан Базарбай.

Сондай-ақ медициналық орталықта студенттік емхана бар, оған 11 колледж студенттері тіркелген. Медициналық орталықта барлығы 60-тан астам маман жұмыс істейді, оның 26-сы дәрігер. Емханада 8 00-ден 19 00-ге дейін 8 /7242/ 71 03 29 телефон нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: