Жексенбі, 26 мамыр, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы эпидемиологиялық ахуал

13.04.2023

548 0

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 26019 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 17 079 жағдай ауру симптомдарымен болса, 8940 дерегі клиникалық белгілерінсіз анықталды. Облыстағы коронавирус инфекциясының бүгінгі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты деп бағаланады.

2023 жыл басынан бері 70 адам коронавирус індетіне шалдыққан,  оның ішінде 27 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Ағымдағы жылдың сәуір айының 11 күнінде 7 жағдай есепке алынды. 2023 жылдың ай көрсеткіштері бойынша аурушаңдық динамикасында төмендеу тенденциясы байқалады, қаңтарда-34, ақпанда-14, наурызда-15 дерек есепке алынды.

Инфекциядан қорғанудың тиімді жолы – COVID-19-ға қарсы вакцинацияның аяқталған курсы және ревакцинация. Облыс бойынша вирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен тиісті контингенттің 94,2%, екіншікомпонентімен 93,2% егілген. Сонымен қатар 275852 тұрғын ревакцинациядан өткен болса, қайта ревакцинация жасатқандар саны – 77880 адам. Бүгінгі күні облыс емханаларында коронавирус инфекциясына қарсы екпе жалғасуда. Иммундау жүргізу үшін Sinopharm вакцинасының 1700 дозасы және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 21000 дозасы бар.

Вакцинациялауға қосымша жеке бас гигиенасын сақтауды, қолды сабындап жууды, антисептик қолдануды ұмытпау керек, адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеген артық болмайды, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береміз. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды. Әсіресе, бүгінгідей қызылша ауруының эпидахуалы тұрақсыз кезінде екпе жасатумен бірге осы шараларды қосымша орындау аса маңызды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә. Әбдіқайымова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: