Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

МӘМС – әлеуметтік жауапкершілік қағидаты

04.04.2023

666 0

2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар-жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс. Алайда, мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады, деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді.  Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі. Яғни:

* егер адамның жұмысы болмаса, ол «Жұмыспен қамту орталығында» жұмыссыз ретінде тіркеліп, 15 жеңілдік санатына кіре алады

* егер адамның еш жерден табысы болмаса, ол АӘК алушы бола алады әрі 15 жеңілдік санатына кіре алады

* әйелдер де жүктілік кезінде және босанған соң жеңілдік санатына кіреді 

* күндізгі оқу нысанының студенттері, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, 18 жасқа дейінгі балалар – барлығы жеңілдік санатына кіреді, яғни олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.  

Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауру түрі бойынша барлық қажетті медициналық көмекті алады.

Сондай – ақ Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, сақтандыру мәртебесінің болмауы адамды шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырмайды – жедел жәрдем шақыру және созылмалы аурулардың өршуі, қатты ауырсыну, жарақаттар, ЖРВИ немесе COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда өзінің немесе жақын маңдағы емхананың фильтр кабинетіне жүгіне алады. Ол үшін мәртебенің болуы және Қорға жарна төлегені туралы ақпараттың керегі жоқ.

Қажет болған жағдайда пациенттердің мәртебесінің бар-жоғына қарамастан  шұғыл түрде операциялар жасалады, кейде оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін.

Айта кетейік, 5 қыркүйектен бастап МӘМС-ға ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйелі түрде жасамаған дербес төлеушілер МӘМС-ға алдын ала төлем жасауға және өткен 12 айдағы жарналарды төлемей, бір жыл бұрын мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін өткен жылғы берешекті жаппай, сақтандыру мәртебесін алу мүмкін болмады.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: