Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жіті ішек инфекциясы: эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

15.07.2022

1204 0

Қызылорда облысы бойынша 2022 жылдың 6 ай қорытындысымен  жіті  ішек инфекцияларының 553 жағдайы тіркеліп, аурушандық көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 65,0 құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 81,8%-ке жоғары. Аурушандық деңгейінің өсу тенденциясы Арал мен Шиелі аудандарынан басқа облысымыздың барлық аймақтарында орын алды. Облыс көлемінде тіркелген жұқпалы жіті ішек ауруларының басым көпшілігі, яғни 87%  Қызылорда қаласының үлесінде.

Жұқпалы жіті ішек ауруларымен науқастанғандардың 83%-і 14 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар 60-70%  құрап отыр.

Облыс көлемінде жіті ішек инфекциялары бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуы тұрғындар тарапынан ішек инфекциялары мен тағамдық уланудың алдын алу жөніндегі санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалардың сақталмауымен байланыстырылады. Түрлі топтардың жедел асқынған ішек инфекцияларымен сырқаттануы жазғы маусымда көбейеді, бұған қоршаған орта температурасының жоғарылауы, сусынды, жеміс-жидектерді көп қолдану, азық-түліктің тез бұзылуы себеп болады.

Соңғы уақытта жаздың алғашқы айларынан бастап тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс жидектерді тұтыну салдарынан науқастану саны күн сайын артып келеді. Ағымдағы жылы жіті ішек инфекциясын жұқтырудың 104 дерегі бау-бақша өнімдерімен байланысты. Бұл ретте жеміс-жидектерді жумай пайдалану, дұрыс сақтамау, сондай-ақ құрамында нитраттардың мөлшерден тыс болуы – басты себептер деп болжанады. Сондықтан жеміс-жидектердің табиғи піскен мерзімін күткен дұрыс. Қарбыздар маусым айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары. Себебі ең жылдам піседі деген сұрыптарының өзі шілде айының соңына қарай бабына келеді. Ал сапалы әрі қауіпсіз қарбыз тамыз айының соңына қарай жеткізіле бастайды. Өйткені бұл уақытта бақша дақылдары табиғи түрде піседі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды тұрғындарға нитраттардың зияны туралы ескертіп, жемістер мен қауын-қарбыздырұқсат етілмеген орындардан сатып алмауға кеңес береді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: