Жаздың басталуына санаулы күндер қалды, шомылу маусымы жақындады. Күннің жылынуымен қаладағы бірқатар субұрқақтар іске қосылды.
Аптақ ыстық күндері қала тұрғындарын, әсіресе балаларды субұрқақтардан жиі көреміз, өйткені субұрқақтардың суы соншалықты тартымды және таза болып көрінеді. Алайда субұрқақтағы су қосымша тазартудан немесе дезинфекциядан өтпейді. Бұл суда барлық шаң, жаңбыр, ағынды сулары жиналады.
Ыстық болған кезде су әлдеқайда тез қызады және су алмасудың болмауы себепті микробтардың қарқынды көбеюі үшін қолайлы орта ретінде қауіпті. Сонымен қатар субұрқақтардан көгершіндер, торғайлар, қаңғыбас жануарлар су ішіп, суға түсуі мүмкін. Мұндай суда микробтар үшін қолайлы орта туындайды, бұл өз кезегінде ішек инфекцияларының, энтеровирустық және паразиттік аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Оның үстіне субұрқақтар шомылуға арналмаған, сәйкесінше олар қатты материалдардан, көптеген сатылардан, өткелдерден жасалған. Бұл субұрқақ беткейлерін сырғытпалы етеді, аяқ тайып, жарақат алу қаупін тудырады.
Субұрқақтарда шомылу ғана емес, қолды, жемістерді жууға да болмайды.
Субұрқақтардың негізгі қызметі – қаланы абаттандыру, эстетика үшін және ауаны ылғалдандыру.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарды балаларына субұрқақтардағы су ойындарының жарақат алу қаупі, қауіпсіздік және жеке гигиенаны сақтау ережелері, сондай-ақ оларға шомылуға жол бермеу және тыйым салу туралы түсіндіруге шақырады.
Әлия Әбдіқайымова,
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Сурет: Pinterest
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!