Дүйсенбі, 24 қаңтар, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (1811)
22.01.2022
PDF мұрағаты

«Таралуы өте жылдам». Бекшин «үнді» штаммына қатысты ескерту жасады

02.07.2021

1595 0

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал «дельта» штаммының таралуына байланысты ушыға түсуде. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, маусым айында қалада коронавирус инфекциясының 3800 жағдайы тіркелген. 

– Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анықталды. Ал маусым айында 3889 жағдайы тіркелді. Өткен аптада коронавирус дерті 1,7 есе 742-ден 1237-ге дейін өсті. Соңғы тәулікте КВИ-дің 215 жағдайы тіркелді, – деді Бекшин

Бекшин эпидемиологтар ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өскенін атап өтті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-дан 53%-ға дейін артқан, бұл COVID-19 «дельта» штаммының тез тарайтынын көрсетті.

– Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде науқастардан алынған 131 үлгінің 77-сі «альфа», британиялық штаммдар, 46 үлгіде «дельта», үнді штаммдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорк, «бетта» штаммы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штаммының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штаммының салдарынан.

«Үнді» штамының таралуы өте жылдам. Соңғы 3 күнде 46 сынаманың 45-нен «үнді» штамы анықталды, – деді ол.

Бекшин жалпы қауіпті індетті жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина салу мен санитарлық нормаларды сақтау екенін атап өтті.

qamshy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: