Бейсенбі, 29 шiлде, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (1761)
26.07.2021
PDF мұрағаты

Тоқаев дәрігерлерге жаңа жәрдемақы берілетінін мәлімдеді

18.06.2021

341 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаңа мемориалдың ашылуы барысында дәрігерлерге көтерме жәрдемақы мен басқа да жаңа жеңілдіктер төлеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтанда Қазақстанның медицина қызметкерлеріне ризашылық белгісі ретінде тұрғызылған «Алтын жүрек» мемориалының ашылу рәсіміне қатысып, монумент орналасқан саябақты «Дәрігерлер аллеясы» деп атауды ұсынды

Тоқаев елде денсаулық сақтау саласының 10 мыңға жуық қызметкері коронавируспен ауырғанын, олардың екі жүзден астамы қаза болғанын айтты.

Президент пандемия жағдайында мемлекет дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған ынталандыру шараларының кең пакетін қабылдағанын атап өтті.

«Коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге тек үстемеақылар мен сақтандыру жәрдемақыларына шамамен 180 миллиард теңге жұмсалды. Үкімет төлемдерді осы жылдың қазан айына дейін жалғастыру үшін осы мақсаттарға қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Біз дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруды бастадық. Бұл процесс жалғасады», – деді мемлекет басшысы.

Президент медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін құрудың маңыздылығына да назар аударды.

«Ол ауылдық жерге келген мамандарға міндетті түрде тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы төлеу және басқа да жеңілдіктерді қамтуы тиіс. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірлерінде облыстар мен қалалар әкімдерінің белсенді қатысуымен қабылдануы тиіс», – деп тапсырды ол.

Сондай-ақ, президент «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізуді ұсынды. Медальмен қоса, сыйақы беріледі, оның мөлшерін үкімет айқындайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: