Сәрсенбі, 29 наурыз, 14:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (1932)
28.03.2023
PDF мұрағаты

Ұшақ апаты. Ауруханада жатқандар жайлы мәлімет жарияланды

15.03.2021

915 0

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы туралы айтты.

Оның айтуынша, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.

Зардап шеккендерді емдеп жатыр, бірақ жағдайлары өте ауыр. Науқастардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қандай да бір болжам айтуға әлі ерте. Дәрі-дәрмектер жеткілікті. Түнде барлық жетекші сарапшылар шақырылды, кеңестер берілді, — деді Дәулетбеков.

13 наурызда Алматы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Төрт адам қаза тауып, жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.


Дереккөз: Жас Қазақ

Тағы да оқыңыз: