Жексенбі, 19 мамыр, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Жұқпалы аурулардың алдын алу маңызды

21.02.2024

336 0

Сурет: өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінгі күні өңірдегі эпидемиологиялық ахуал өткен жылмен салыстырғанда тұрақты. Өткен жылы жұқпалы аурулардың 20 түрі таралса, қазір оның таралу деңгейі төмендеп, аурушаңдық көрсеткіші азайған. Алайда, инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында халық арасындағы тиісті контингенттер жоспарлы түрде екпе қабылдауда – деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы республикада екпе алу жұмыстарының белсенділігінің нәтижесінде алдыңғы қатарда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

-Халық арасында ауа тамшылары арқылы жұғатын және басқа да инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Әсіресе, тұрғындардың ауруларға қарсы екпе қабылдауы арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады. Соның арқасында облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың бірқалыпты болуына оң әсерін тигізеді. Ал керісінше вакцинамен қамту көрсеткіші төмендеген сайын аурушаңдық деңгейі көтерілетіндігі белгілі. Дәлел ретінде, қызылша ауруын айтуымызға болады. Осы ретте ДДСҰ мәліметінше, әлем бойынша балалар арасында қызылшаға қарсы екпені қабылдау деңгейі төмендеуі әсерінен аталмыш аурудың таралуы көбейген. Сондықтан, ауруға қарсы екпені тұрақты қабылдау аса маңызды болып табылады. Бұдан бөлек, аймағымыз бірқатар аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошағында орналасқан. Атап айтқанда, оба, құтырма, сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы. Осы аталған аурулардың алдын алу мақсатында жасалған профилатикалық жұмыстардың арқасында соңғы 10 жылда бірде-бір жағдай тіркелген жоқ, – деді Динара Олжабайқызы.

Облыстың бас санитар дәрігері брифинг барысында өңірде бруцелез және туберкулез ауруының таралу көрсеткіші төмендегінін хабарлады. Оның басты себебі – ем сапасының артуымен байланысты. Сонымен қатар, былтыр департамент тарапынан 158 жоспардан тыс тексеріс жүрзіліп, 136 заңбұзушылық анықталған. Нәтижесінде, заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға әкімшілік айыппұл салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: