Жұма, 27 желтоқсан, 08:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам маса шаққаннан кейін комаға түскен

27.10.2024

655 0

Сурет: pixabay.com

Маса шаққан соң үш түрлі ауруға шалдыққан ер адам ауруханадан шықты. Оқиға АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында орына алған. Бұл туралы WCAX порталы хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 55 жастағы Джо Кейси тамыз айында маса шаққаннан кейін шығыстық жылқы энцефалитін жұқтырған. Бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирустық ауру. Ауру негізінен жылқылар арасында таралады, бірақ адамдарға да жұғуы мүмкін. Ауруды масалар тасымалдайды.

Бас ауырып, дене қызуы көтеріледі. Сонымен қатар дене қалтырап, әлсіздік, құсу және тырысулар болады.

Ал батыс Ніл вирусында және Сент-Луис энцефалитінде кома түсу жағдайы басым. Соның салдарынан ол комаға түсіп, онда үш апта жатқан. Бұл уақытта дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Оянғаннан кейін ер адам жүре де, сөйлей де алмады.

Үш аурумен күресу Кейсидің иммундық жүйесін қатты әлсіреткен. Оның ми жасушаларына қысым түсірген, бас сүйегінде сұйықтық жиналғаны анықталды. Дәрігерлер ер адамның жағдайын аномалиялық деп атады. Олар жылына тек 1000 америкалыққа осы аурулардың біреуі ғана диагноз қойылатынын атап өтті.

Америкалықтарға күн батқаннан кейін көшеге шықпауға кеңес берілді.
Джо Кейсиге 2,5 айға созылатын оңалту курсынан өту қажет.

Ол ата-аналарға өздері мен балаларына үнемі масаларға қарсы спрей қолданып жүруді ескертіп, «Жаудың көлеміне қарап кемсітпеңіздер» деп АҚШ тұрғындарына үндеу жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: