Құрылтай

Сейсенбі, 14 шiлде, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Тазалық талабы күшейді

14.07.2026

56 0

Биылғы шілде айынан бастап тазалық сақтау талабы күшейді. «Қалалар мен елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыру» бойынша тазалық сақтау талабы қатаңдатылды. Бүгінде тұрғындар арасында «есік алдын таза ұстамасаң айыппұл салады екен» деген пікір жиі айтыла бастады. Бекер емес. Жаңа талап бойынша тұрғындар өз аумағының тазалығын сақтауға, қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастауға, санитарлық талаптарды сақтап, қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға міндетті. Бүгінде тазалық талабын қадағалау үшін жергілікті әкімдіктен құрылған арнайы мобильді топ тұрақты түрде рейд жүргізілуде.

– Қалалар мен елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандырудың жаңа талабы бойынша тұрғындарға қоқысты белгіленбеген жерге тастауға, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды көшеге, бос жерлерге немесе контейнер алаңдарының сыртына тастауға, аула мен қоғамдық орындарды ластауға, жасыл желектерге зиян келтіруге тыйым салынады. Атап айтарлығы, белгіленбеген жерге қоқыс тастағаны немесе санитарлық талаптарды бұзғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қаладағы тазалық тәртібін сақтау үшін арнайы құрылған мобильді топ тұрақты түрде рейд жүргізіп келеді. Олар тазалық сақтамаған тұрғындарға алдымен ескерту, нәтиже шықпаса айыппұл салады, – дейді «Қызылорда тазалығы» мекемесінің «Мобильді бақылау және ақпараттандыру» бөлімінің басшысы Динара Өтепова.

Айта кетелік, жаңа қағида талабы бойынша әр тұрғын өзі тұратын үй аумағының тазалығына жауапты. Үйдің нөмірінен бастап, қоршауы, тазалығы талапқа сай болуы тиіс. Сонымен қатар қоғамдық орында тазалық сақтау маңызды. Анығын айтқанда, енді үй жануарларын көшеде серуендетудің де тәртібі бар. Яғни кез келген жерде емес, арнайы тақтайшасы бар аумақта ғана серуендетіп, қоршаған ортаны бүлдіруге жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ енді көпқабатты үй ауласында кез келген жерге көлік қоюға болмайды. Жаяу жүргінші жолына, балалар мен спорт алаңдарына, жасыл желектер мен газондарға, қоқыс контейнерлері алаңына және арнайы тұраққа арналмаған орындарға көлік қоюға тыйым салынады. Бір сөзбен айтқанда, тазалық сақтау талабы күшейді. Ендігі мәселе – тәртіпке бағыну, болмаса, айыппұл арқалайсыз!

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: