Жұма, 27 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қырғызстанның басшылығына қастандық жасалмақ болған – ҰҚК

24.03.2024

676 0

Сурет:stan.kz

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттіктің мәліметінше, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері саналатын Әзербайжанның 5 азаматы анықталды.

Алынған жедел дерекке сенсек, қылмыс әлемінде «қаңғыбас» деген лақап атымен белгілі М. О. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ОПГ-ға қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды. Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: