20 желтоқсанда Қытайда 37 млн адам коронавирус жұқтырған.Осылайша вирус жұққан жалпы адамдар саны 248 миллионға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше желтоқсанның алғашқы 20 күнінде Қытай халқының 18%-на коронавирус жұққан. Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссияның жабық отырысының хаттамасында вирустан қанша адамның қаза болғаны жазылмаған.
Деректерге сәйкес вирустың жылдам тарауы Қытай билігінің карантин шектеулерін азайтуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл иммунитеті төмен халық арасында коронавирустың «омикрон» түрінің жаппай тарауына түрткі болып отыр. Деректерге сүйенсек Пекин және Сычуань тұрғындарының жартысынан астамына коронавирус жұққан.
Bloomberg материалынан кейін Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин елдегі коронавирус ахуалы «бақылауда» екенін мәлімдеді.
«Вакцинация деңгейі артып, үздіксіз емделу мүмкіндіктері өсіп жатыр, медициналық тауарларды өндіру қуаты кеңейді. Ал жалпы қор сұранысты тұтас өтейді», – деп мәлімдеді дипломат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!