Жексенбі, 18 сәуiр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (1731)
13.04.2021
PDF мұрағаты

Өңірде 35 этнос өкілі тұрады

04.02.2021

826 0

Бүгінде өңірде 35 этнос өкілі тұрады. Ал Достық үйінде 11 мәдени бірлестік, аудандарда 6 және 9 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Облыста өткен жылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері және «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобалары жүзеге асырылды.

– Биыл да іс-шаралар жоспары бекітіліп, алдағы уақытта бірлестіктермен ауқымды жұмыстарды жоспарлаудамыз. Қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағытталған «Еліме алғыс айтамын» айдарын ашып, «Шын жүректен» тақырыбында бейнероликтер әзірлейміз. «30 жылға – 30 тілек» әр сала үздіктерін қатыстыра отырып құттықтаулар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында «Жүрек жылуымен» қоғамның осал топтарына гуманитарлық көмек көрсету секілді мазмұнды шаралар өткіземіз, – деді «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков.

Сондай-ақ, биыл татар мәдени бірлестігіне 30 жыл. Осы орайда әр этностың рухани құндылықтары, қазақ жеріне келу тарихы жайлы, оның тілі мен мәдени мұраларын насихаттау мақсатында да арнайы бейнесюжеттер дайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: