Сенбі, 15 наурыз, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Көрерменнің жүрегіне жол тапқан қойылым

15.03.2025

24 0

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Э.Р.Рудольфтың «Мюнхаузеннің әлемі» атты ертегісі көрерменге ұсынылды.

Спектакльдің басты ерекшелігі – шынайылық пен қиялдың шекарасын бұзып, оларды бір-бірімен үйлестіре отырып, таңғажайып әлемге есік ашуы. Қойылымда көрерменді сан түрлі қиял-ғажайып оқиғалар күтіп тұр. Мұнда бұғының мүйізіне алма өсіп шығады, бал аралары кәсіп жүргізеді, ал шөп айға дейін өседі. Бұл бәрімізге белгілі барон Мюнхаузеннің шындық пен қиял аралас оқиғалары. Басты рөлдегі актердің айтуынша, Мюнхаузен – тек өтірікші ғана емес, сонымен қатар өз әлемінде еркін өмір сүретін кейіпкер. Ол өз ережесімен өмір сүреді.

Қойылымның сахналық шешімдері де өте қызық болды. Қиял әлемінің түрлі түстермен, динамикалық қозғалыстармен және ерекше декорациялармен өрнектелуі көрерменді спектакльдің әрбір сәтіне еліктіріп, тәнті етті. Спектакльдің музыкалық сүйемелдеуі де ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір музыкалық композиция кейіпкердің сезімдерін дәл бейнелеп, оқиғаның мәнін аша түсті.

Бұл қойылым көрермендерге шығармашылық еркіндіктің, күлкі мен ойдың астасатын тұстарын көрсетті. Жалпы бұл спектакль тек балалар мен жасөспірімдер үшін ғана емес, ересектерге де ой салды, өмірдің қарапайым әрі күрделі болмысын бір сәтке ұмыттырды.

Айгерім Өтеп,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

 Журналистика мамандығының 3 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: