Сенбі, 30 мамыр, 00:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40 (2252)
30.05.2026
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік – әділетті қоғамның іргетасы

30.05.2026

37 0

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетеді. Сондықтан қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті – әрбір азаматтың заң талаптарын құрметтеуі, әділдік қағидаттарын ұстануы және кез келген заңсыз әрекетке бейжай қарамауы. Мұндай мәдениет тек мемлекеттік қызмет саласында ғана емес, жалпы халық арасында кеңінен қалыптасуы қажет. Себебі жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан халық арасында түсіндіру жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Департамент қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру бағытында бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, департамент тарапынан мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік ұйымдарда және халықпен кездесулер барысында мемлекеттік қызмет әдебі, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілуде. Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арт­тырып, қоғамда адалдық құндылықтарын нығайтуға ықпал етуде. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында заң талаптарына сәйкес келмейтін шектеулер анықталып, оларды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл мемлекеттік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және заң талаптарының сақталуына оң әсерін тигізді.

Бұдан бөлек, департаментпен мемле­кет­тік функцияларды орындаумен сыйыс­пайтын қызмет түрлері бойынша да зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қол­даныстағы заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталып, мемлекеттік қызмет­шілерге қатысты тиісті шаралар қабыл­данды. Аталған жұмыстар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілермен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, білім беру ұйымда­рының басшыларымен және халық ара­сында бірқатар кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін кеңінен талқылады. Кездесулер барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен ашық әрі тиімді байланыс орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әсіресе білім беру ұйымдары өкілдері­мен өткен кездесулерде жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік және жауапкер­шілік құндылықтарын сіңірудің маңызды­лығы айтылды. Себебі сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениет ең алдымен тәрбие мен саналы көзқарас арқылы қалыптасады.

Бүгінде қоғамда адалдық идеологиясын нығайту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Осы бағытта жыл басынан бері 200-ден аса түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әділдік пен ашықтық қағидаттары орныққан қоғамда ғана тұрақты даму мен сенім қалыптасады.

Жанар ҚОЗБАҒАРОВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті,

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: