Жұма, 06 желтоқсан, 21:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Төл өнім төрге шықты

30.11.2024

325 0

Достық үйінде «Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономиканың негізі» тақырыбында семинар өтті.

Жиынды қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов ашып, се­минар жұмысына сәттілік тіледі. Бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес нысанын құру және оның экономикадағы үлесін арттырудың маңызын атап өтіп, қаладағы шағын және орта бизнестің даму дина­микасына тоқталды.

– Экономиканың барлық сала­сында жұмыс істейтін  шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау шарасы жүзеге асуда. Биыл облыс орталығындағы жеке кәсіпкерліктің 1409 жобасы барлық қаржы көзінен 30 млрд теңгеге қаржыландырылды. Нәтижесінде қала кәсіпкерлерінің саны 33 мыңнан, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 65 мыңнан асты. Шағын және орта кәсіпкерлік сала­сында 300 млрд теңгеге өнім өндірілді. Президент бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 16 жоба жүзеге асты.  Ауыл­шаруашылық өнімін өңдеуді дамытуға бағытталған 17 жаңа өндіріске қолдау көрсетілді. Инклюзивті орта қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қос­қан 29 әлеуметтік кәсіпкер қолдауға ие болды. Бүгінгі семинар сіздер үшін өзара тиімді ынтымақтастық пен жаңа іскерлік байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік ашатыны сөзсіз. Біз үшін жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер маңызды және олармен жұмыс жүргізу үшін ең жақсы жағдай  жасауға тырысамыз. Сондықтан да мемлекеттік қолдау аясында сіздерді кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жаңа идеяларды бір­лесіп атқаруға шақырамын, – деді Пакуатдин Сражадинұлы.

Ойталқыны «Халық» қайырым­дылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының жоба ме­неджері Ербол Маралұлы бастап, бизнесті ойлау психологиясының негізіне тоқталса, «The One System» компаниясының негізін қа­лаушы Аслан Жұмабаев бизнесті жүйелеу әдісі туралы тақырыпты қозғады. Ал  «NP-Consulting» ЖШС директоры Ғалым Прекешев кіші өндіріс кәсіпорнын дамыту жолын түсіндірді. Азаматтардың қаржы­лай сауаттылығы төңірегінде «Қарыз­сыз қоғам» жобасының қаржы сарап­шысы Балдырған Мәмен, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мүмкіндіктер туралы ҚР АШМ Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің бас сарапшысы Сұңғат Серікбайұлы сөз етті.

Іс-шараға қаладағы кәсіпкерлер, ерікті жастар қатысты. Жиында қала­ның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар кәсіп иелері  қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жергілікті кәсіпкерлердің өнімде­рінен  ұйымдастырылған көрмеге қонақтар қызығушылық танытты.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: