Жұма, 27 желтоқсан, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алаяқ емші

07.11.2021

938 0

Қызылордада өзін емшімен деп таныстырып, қала тұрғынынан көрсеткен қызметі үшін қомақты қаржы алған 21 жастағы бойжеткен ұсталды.

Қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны алаяқ емшінің құрбаны болғанын айтып арызданған. Өткен қыркүйек пен қазан айларында белгісіз азаматша, оны әңгімеге тартқан. Артынша, өзін емші ретінде таныстырып, емшілік жолмен денсаулығын  емдеп беремін деп сендірген. Осылайша емшінің арбауына түскен қала тұрғыны еш ойланбастан қолына  550 мың теңге ақшасын ұстата салған.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған алаяқтық іс бойынша ҚР  Қылмыстық кодексінің  190-бабының 1-бөлігі іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: