Сенбі, 06 маусым, 01:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 (2254)
06.06.2026
PDF мұрағаты

Мемлекетіміздің мызғымас үштағаны

06.06.2026

23 0

Мемлекеттік рәміздер аллеясында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті. Акция «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты тақырыптық прологпен ашылды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деп атап өтті. Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!, – деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқады. Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.

«Ақмешіт-ақпарат»

Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: