Сенбі, 06 маусым, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 (2254)
06.06.2026
PDF мұрағаты

Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң бақыланады

06.06.2026

25 0

Енді елімізде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар бизнесті тексеру жұмыстары кеңейтілмек.

Апта басында Үкімет басшысы осы салаға жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. Өнді­рістік процеске мониторинг жүргізу, бейнебақылау және бақылау жүйелері мүмкіндігінше жедел цифрландырылуы керек. Кезек күттірмес тағы бір шаруа – еңбек тәуекелдері картасына құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтану орындарын да енгізу. Үкімет басшысы жұмыскерлер қауіпсіздігін бақылау және қорғаудың заманауи жүйелері барлық өндіріс орнында басшылыққа алынуы тиістігін атап өтті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс орындарындағы жағдайды жақсарту мен жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қор­ғау мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтқан болатын. Сондықтанда еңбекті қауіпсіз ету мақсатындағы жұмыстарды күн тәртібіне қою күттірмейтін мәселе.

– Мемлекет басшысы сәуір айында Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қор­ғау мәселелері туралы Заңға қол қойды. Еңбек заңнамасындағы қолда­ныстағы нормалар жаңар­тылып жатыр. Осы шара­лардың барлығы еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған,–  деді Олжас Бектенов.

Төтенше жағдайлар министрлігінің де­рек­теріне сүйенсек, жыл басынан бері 570 кәсіпорында тексеру жүргізіліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10,4 мыңнан астам бұзушылығы анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 523 лауазымды тұлға тар­тылып, салынған айыппұлдың жалпы мөлшері 62,9 млн теңгені құрады. 7 субъектінің қызметі,  695 объект пен техникалық құрыл­ғыны пайдалану тоқтатылды. Қауіпті өнді­рістік нысандарда жыл басынан бері 12 апат тіркелген, оның салдарынан 5 қызметкер қаза тауып, 6 адам жарақат алған.

Премьер-министр жұмыс берушілер кәсіп­орындарда еңбек қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз етуге тиісті шараларды қабылдауы қажет екенін баса айтты. Атап айтқанда, Еңбек министрлігі өндірістік жарақат алу көрсеткішінде барлық ірі кәсіпорындардың басшылары үшін КРІ енгізуі оның орындалмай қалуы басшылықтың жалақысы мен жалпы жұмыста қалуына әсер етеді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы еңбекті қауіпсіз ету мақсатында бірқатар тапсырма берді. Алдағы уақытта тұрғын үйлердің ішінде немесе оларға жапсарлас орналасқан қоғамдық тамақтану орындарындағы қауіп­сіздік мәселесіне ерекше наазар аударыла­ды. Яғни, дәмханалар мен мейрамханаларда газ баллондарын сақтау және пайдалану талаптарының сақталуы тексеріледі.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың сөзіне сүйенсек, кейінгі жылдары қауіпті өндіріс орындарында бақылау күшейтіліп, кәсіпорындардың жауапкершілігі артқан. Соның нәтижесінде өндірістегі адам өлімі 2,5 есе азайып, жарақат алу көрсеткіші 25 пайызға төмендеген. Алайда саладағы түйткілдер толық шешілді деуге әлі ерте. Биылғы бес айдың өзінде бақылаудағы кәсіпорындарда 43 оқиға мен 13 өндірістік авария тіркелген.

Үкімет отырысынан кейін қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатовтың төраға­лығымен мәжіліс өтіп, жауапты сала жетек­шілеріне бірқатар тапсырма жүктелді.

 – Елімізде халықтың жағдайы мемлекет­тік органдардың ақпараттық жүйелерінен «Отбасының цифрлық картасына» жинақ­талып отыр. Бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе. Сондықтан оны терең талдап отыру маңызды. Бұл бағыт бойынша қалада нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, қажетті шараларды әлде де шира­тып, күнделікті есеп жасап отыру керек, – деді қала әкімі.

Қазірде қаланың және оған қарасты кент­тер мен ауылдық округтердің санитарлық тазалығы күнделікті бақылауға алынған. Дегенмен, кейбір мекемелер мен кәсіпкерлік нысанның иелері, тұрғындар тазалық талабын орындамай, абаттандыру қағидаларын бұзып, қала келбетіне нұқсан келтіруде. Оларға тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынуда. 

– Бұған дейін де қаланың және елдімекен­дердің санитарлық жағдайын жақсарту, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру, стихиялық қоқыс орындарының алдын алу және абаттандыру ісін күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар өз деңгейінде жүргізілгенімен, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төгу фактілері азаймай отыр. Сондықтан полиция басқармасымен бірлесіп, күнделікті тәулік бойы бақыланатын рейдтік шаралар ұйымдастыру қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: