Сенбі, 06 маусым, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 (2254)
06.06.2026
PDF мұрағаты

Тағам құнарлысы – дәрумен

06.06.2026

23 0

Қазіргі таңда дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың негізгі жолдарының бірі. Көптеген аурулардың пайда болуы адамның күнделікті тұтынатын тағамына байланысты. Сондықтан пайдалы әрі құнарлы тағамдарды таңдау өте маңызды.

Қазақстанда жүрек-қантамыр аурулары ауру түрлері арасында алғашқы орында тұр. Оның негізгі себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау, ақ ұннан жасалған тағамдар мен тәтті газдалған сусындарды көп тұтыну.

Ақ ұнның зияны көп. Ол қан құрамындағы қантты тез көтеріп, артық салмақтың пайда болуына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Ақ нан, бәліш, тоқаш, торт сияқты тағамдарды жиі тұтыну ағзаға зиян.

Қазіргі таңда көп адамдар бешбармақ сияқты майлы тағамдарды кола және басқа тәтті газдалған сусындармен ішуді әдетке айналдырған. Бұл өте зиян. Майлы тағам мен тәтті сусынның қосындысы жүрекке, бауырға және ас қорыту жүйесіне үлкен салмақ түсіреді.

Тәтті сусындардың құрамында қант мөлшері өте жоғары болады. Олар семіздікке, қант диабетіне, тіс ауруларына және зат алмасудың бұзылуына себеп болады.

Сондықтан тәтті сусындардың орнына газдалған минералды су, таза су, айран, қымыз сияқты пайдалы сусындарды ішкен дұрыс. Ал ақ ұнның орнына қара нан, кебекті өнімдер, сұлы, қарақұмық, тары сияқты пайдалы тағамдарды тұтыну қажет.

Дұрыс тамақтану – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің негізі. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, пайдалы тағамдарды таңдауы керек.

Жанна НҰРБЕРГЕН,

Астана медицина университеті академик

Е.Д.Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ салауатты өмір салты орталығының

жетекші ғылыми қызметкері, дәрігер диетолог

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: