Жұма, 27 желтоқсан, 03:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам 36 мың теңге үшін әйелінің денесін бөлшектеп, өзенге ағызған

16.01.2024

821 0

Сурет: stan.kz

Ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, денесін жасыру мақсатында балтамен бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген. Оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылында орын алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес 2022 жылдың күзінде Тереңкөл ауылындағы пәтердің бірінде ер адам мен оның азаматтық әйелі жанжалдасқан. 

Ер адам көмір сатып алуға қалдырған 36 мың теңгесін әйелі жұмсап қойғаны үшін ұрыс шығарған. Жанжал барысында масаң күйдегі әйел ер адамды табамен ұрмақ болған. Күйеуі жауап ретінде әйелдің кеудесі мен денесінің басқа да бөлігін жұдырықпен бірнеше рет соққан. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Келесі күні айыпталушы қылмысын жасыру мақсатымен әйелдің денесін бөлшектеп, кейіннен қапқа салып, Ертіс өзеніне лақтырып жіберген. 

Тергеу барысында ол кінәсін мойындап, бәрі қалай болғанын айтып берді. Сотта ол судьяны ешкімді өлтірмегеніне сендіруге тырысып, бәрін жоққа шығара бастады. Ол “әйелім тастап кетті” деп ақталды.

Бұл қылмыс үшін заңда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

“Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”,– делінген Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: