Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі балаларға қатысты жағдай тікелей назарында екенін айтты

22.02.2021

1391 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ақпан айының екінші онкүндігі еліміз үшін де, өңіріміз үшін де ауырлау болып тұрғанын айтып, Байқоңырда кішкентай балаларға қатысты орын алған төтенше жағдай бақылауда екенін Facebook парақшасында жазды.

– «Бала – бауыр етім», «Баланың табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» дейтін халықпыз.Осы апта ішіндегі қасіретті жағдайлар менің де қабырғамды қайыстырды.Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйден шыққан өрттің алты айлық нәрестенің, ал, Жаңатастағы үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес бірдей бүлдіршіннің отқа оранып, ажал құшуы кімді де болса бей-жай қалдырмайды. Ата-аналарына қайғыра көңіл айтып, Алла сабыр берсін деп тілеймін.Кеше Байқоңыр қаласында кішкентай балаларға қатысты төтенше жағдай орын алды. Сегіз жастағы екі бала Байқоңыр қаласындағы «Орион» бассейнінен шығып, үйлеріне қайта оралмаған.

Ресей Федерациясының Полиция органы мен Тергеу комитеті тарапынан қарқынды іздестіру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары балаларды іздеуге көмектің барлығын көрсетуде. Тұрғындар да бірнеше топқа бөлініп, еріктілер көмек беруде. Қызылорда қаласынан сүңгуірлер шақыртылды.

Бүгін тікұшақ арқылы Сырдария өзенінің жағалауына шолу жүргізіліп, құтқару тобының жеті адамы, бір итпен іздестіруші, бір техника іздестіру үстінде.Жағдай тікелей өз бақылауымда. Қазір мен Байқоңыр қаласында осы жұмыстармен айналысып отырмын.Балалар табылады деген үміттеміз.Балалардың амандығын, еліміздің тыныштығын тілеймін! – деді облыс әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: