Бейсенбі, 21 қараша, 20:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Ел пікірі елеусіз қалмайды

09.02.2021

7507 0

Өткен аптада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар алдындағы онлайн есепті аяқтады. Жұма күні Талсуат ауылының тұрғындары қала әкімінің есеп беру жиынына онлайн қосылды. Алдымен шаһар басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Талсуат ауылының бас көшесі ұлы ақын Абай Құнан­баевтың атымен аталады. Барлық әлеуметтік нысан, кәсіпкерлік құрылым, сәулетті үй осы жолдың бойында. Бүгінде ауыл халқының саны 2255-ке жетті.

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағ­дарламасы аясында респуб­ликалық және жергілікті бюджеттен қаралған қаражатқа ұзындығы 2,6 шақырым бо­латын Абай Құнанбаев кө­шесіне жаяу жүргіншілер жолымен бірге күрделі жөн­деу және Астана көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Өңірлерді дамыту» бағ­дарламасы шеңберінде өткен жылы бюджеттен 1,6 млн теңге бөлінген. Бөлінген қара­жатқа ұзындығы 485 метр болатын Атырау көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Елді мекендегі тұрғындар жаңадан қоныстанған аймақта ауыз су мәселесі өзекті. 2018 жылдың қыркүйек айынан бас­тап тапсырыс беруші Қы­зылорда қалалық құрылыс бөлімі жалпы ұзындығы 15,1 км ауыз су құбыры құрылысын жүргізген. Ал 2019 жылы ауыз су жинау қоймасының құрылысы жүргізіліп, ол өт­кен жылы пайдалануға бе­рілген. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 көшеге орташа жөндеу жүр­гізіліп, 5 көшеге тас төселмек.

Талсуаттың тұралап қал­ған шаруасы соңғы жыл­дары жанданып, кезегін күткен мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тапты деген ауылдықтар қала әкі­міне алғысын жеткізді. Есепті кездесуде елді мекенді жарықтандыруға байланысты ұсыныстарын жеткізді. Ел сұрауын елеусіз қалдырмаған қала әкімі бұл жұмыстарды басты назарына алатындығын айтып, мәселенің жыл көле­мінде шешілетіндігін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: