Жұма, 15 қараша, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Дария суы бақылауда

04.02.2023

541 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы құрылған штаб мүшелерімен бірге Сырдария өзенінің жағалауын аралап су деңгейін бақылады. Аймақ басшысы Қызылорда су торабында болып, одан соң жауапты мамандармен Жаңақорған ауданына барды. Түркістан облысымен шекаралас аумақтан бастап Сырдария өзеніндегі жағдаймен танысты. Бесарық елді мекенінде ауыл ақсақалдарымен кездесіп, өзендегі су деңгейі тұрақты бақылауда және барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын айтты.
Қазіргі таңда ауа-райының күрт жылуы әсерінен қар еріп, жауын-шашынның мол түсуінен көрші Түркістан облысының Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарының бірқатар ауылыдарындағы аулалар мен көшелерін су басты. Осы жағдайға байланысты Сыр жұртшылығы да алаңдаулы. Аймақ басшысы облыстағы жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.
«Түркістан облысында орын алған жағдайдың Сырдария өзеніне қатысы жоқ екенін ескеру қажет. Арыс өзенінен Сырдария өзеніне түсетін су көлемі болжам бойынша ағымдағы жылдың 3-4 ақпанында 100-150 м3/сек құрайды. Қазір Арал ауданынан бастап Шиелі ауданына дейін өзен бетінде толық мұз қатқан. Мұздың қалыңдығы 18-ден 52 см-ге дейін. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес облыс аумағына секундына 652 текше метр су түсуде.
Облыс аумағында Сырдария өзенінің бойында орналасқан стратегиялық маңызы бар Қызылорда, Айтек, Қазалы және Ақлақ су тораптары пайдалану Ережесіне сәйкес транзиттік режимге көшірілді. Штаб мүшелері Дария деңгейін күндіз-түні бақылауда, барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар жеткізділді, сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 29 су басу қауіпі бар аймақ анықталып, оған 366 арнайы техника бірлігі және 1137 адамы бар 138 жауапты мекеме бекітілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді.
Су тасқыны болған жағдайда халықты эвакуациялау үшін 64 жинақтау және 78 қабылдау пункттері дайындалған. Облыстың барлық аумағында өзен бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.
Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдіктеріне және жауапты мекемелерге төтенше жағдайдың алдын алуға тиісті тапсырмалар берілді. Жағдай тұрақты бақылауда. Су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы штаб құрылып, 2 ай көлемінде жұмыс жасауда. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша 141,9 тонна жанар-жағармай және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Сырдария өзеніндегі су деңгейін төмендету мақсатында магистральдық каналдар мен көлдер жүйелері арқылы су алу шаралары тұрақты жүргізілуде.
Жаңақорған ауданына жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Түркістан облысымен шекаралас аумақта демеуші кәсіпкердің қаржысына салынып жатқан кіреберіс қақпаның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: