Бейсенбі, 28 қараша, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Қамқорлық» дағдарыс үйінің бүлдіршіндерін құттықтады

01.06.2021

1338 0

Шуақты жаздың алғашқы күнімен қатар келген 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі –  қызылордалық полицейлер ұйымдастырған қайырымдылық шарасы.

Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ибраев Дәурен Алпысбайұлы бастаған қызметкерлер тобы облыс орталығындағы «Қамқорлық» дағдарыс үйіне барды. Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған 10-ға жуық әйел  мен 15 бала тұрады.    

Жыл сайын 1 маусым күні Сыр елінің тәртіп сақшылары «Қамқорлық» дағдарыс үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар үйлестіреді.  Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты.  Ұйымдастырылған бүгінгі шара барысында  полиция қызметкерлері балаларға ойыншықтар, тәттілер және басқа да көптеген сыйлықтар  үлестірді.    

«1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Әр уақытта аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспін!» деген  жылы лебізін білдірді Дәурен Алпысбайұлы.      

Өз кезегінде «Қамқорлық» дағдарыс үйінің басшылығы мерекелік көңіл күй сыйлаған полицейлерге  көңілдері мен қамқорлықтары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.                

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: