Жұма, 27 желтоқсан, 03:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әскерде қылмысқа орын жоқ

16.01.2024

507 0

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастамасымен Қызылорда әскерлері өңірдегі әскери құқық бұзушылық деңгейін күрт төмендетті.

Әскерлердің арасында «Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспарының талаптарын орындау үшін «Айыппұлсыз жыл» акциясының бірінші кезеңінде «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін іске асыру бойынша және «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамау дерегінің алдын алу» бойынша Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерде әскери полиция бөлімшесі профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі оның ішкі сыртқы тыныштығына тікелей байланысты. Жас жеткіншектеріміз әскери өмірде темірдей қатал тәртіпке бағынып, ел басына күн туған сәтте кез келген жағдайдан шығу жолдарын, қорғану мен қорғауды, антқа берік, досқа адал болуды үйренуде.

Дегенмен де, бес саусақ бірдей емес, ел үміт артқан ерлеріміздің ішінде «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан ашық бас тарту жағдайларға» жол беріп қиыс басатын азаматтарымыз да бар.

Осы орайда олқылыққа жол бермеу мақсатында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқу түсіндіру жұмыстарын өткізуде. 2023 жылы жалпы алғанда 400 -ге жуық және 2024 жылғы қаңтар айында семинар, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен жеке сұхбаттар өткізілді.

Оқу, түсіндіру жұмыстарының барысында әскер қатарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 10-тарау «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар», 15-тарау «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар», 18-тарау «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар», Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10-тарау «Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар», 25-тарау «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар», 30-тарау «Көліктегі, жол шарушылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 3 және 6 тармағындағы «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан ашық бас тарту бойынша әскери қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы» жайында түсіндіріліп, мұның әскери бөлімге, өзінің жеке басына қаншалықты зарар келтіретіндігі, соңы қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылумен аяқталатындығы ұғындырылуда.

Азаматтарымыздың аз күндік қиындыққа шыдас бермей, олқылыққа жол берулерінің негізгі себебі – ішкі әлсіздігі. Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерінің мұқалуы. Сондықтан да рухы өр, жігері бекем нағыз ерлерімізді өсіруге күш салуымыз қажет. «Ерді намыс өлтіреді» демекші, намысты ұл өсіріп, жігерін жани білейік. Сертіне селкеу түсірмейтін ұлдарымыз көп болғай!

Бақтияр Дәуренқұлов,

майор, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету

жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: