Жексенбі, 24 қараша, 14:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бір тәулікте 8 қылмыстың беті ашылды

24.12.2020

752 0

Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан күндері республика көлемінде «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Облыста бір тәулікте полиция қызметкерлері 8 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.

Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың 241-і тексерілді. Бұрын жасалған 2 ұрлық қылмысы ашылды. Облыс бойынша барлығы 273 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 26 адамға, түнгі тыныштықты бұзған 11, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: