«Контрафакт» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық өнімді сатқан 34 жастағы және 35 жастағы азаматтарды ұстады.
Жас жігіттер қаладағы базарлардың бірінде контрафактілік өнімдерді сатумен айналысқан. Оқиға орнында 71 DVD диск табылып, тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 2 бөлігімен (Авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Егер күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе, оған сот шешімімен 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қолданылуы мүмкін.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!